
2 ақпанда Астана уақытымен сағат 18:00-де Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Жерасты дүмпуін Қазақстандағы сейсмикалық станциялар тіркеді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мекеменің дерегінше, жер сілкінісі Тянь-Шань сілемдерінде, Қытайдың Ақсу қаласынан 50–60 км жерде болған. Дүмпу магнитудасы – 4,3 балл.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шамамен 300 км, ал қазақ-қытай шекарасынан шамамен 150 км жерде орналасқан.
Қытайдың солтүстік-батысындағы осы аймақта жиі жер сілкініп тұрады. Мәселен, 2025 жылғы 4 желтоқсанда дәл осы маңда қуаты 6,4 балл болатын дүмпу тіркелген. Оның әсер Алматы қаласының тұрғындары да сезген.