Қазақстан Ауғанстанға астық экспортын екі есе арттырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстанна Ауғанстанға сатылатын астық көлесі артты/ Фото: kursiv.media

Ауғанстанға Қазақстаннан астық жеткізу көлемі айтарлықтай артты. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін бұл елге экспорт 1,9 есе өсіп, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті.

Жалпы алғанда, Қазақстан өңірдегі ірі астық жеткізуші ретіндегі позициясын нығайтып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, аталған кезеңде шетел нарықтарына барлығы 5,8 млн тонна астық жөнелтілген.

Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға көп.

Экспорт өсімі негізінен Орталық және Оңтүстік Азия елдері есебінен қалыптасты. Өзбекстанға астық жеткізу 49%-ға артып, 1 млн 813 мың тоннадан 2 млн 702 мың тоннаға дейін көбейді. Қырғызстанға жөнелтілген өнім көлемі 1,7 есе өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға жетті.

Қазақстанлда астық екі жыл қатарынан рекорд деңгейде жиналған. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша өнім көлемі биыл 27 млн тоннаға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз