Жаңалықтар

Қазақстандықтарға салық қызметіне келу туралы хабарлама келеді

Қазақстандықтарға салық қызметіне келу туралы хабарлама келеді / Фото: Shutterstock

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы салық органына келу туралы хабарлайды. Салық әкімшілік істерді жүргізудің электрондық форматына көшеді, деп хабарлады МКК.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік кірістер органдары «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде (БЖТ) электрондық іс жүргізуге толығымен көшкенін хабарлады.

Осыған байланысты салықтық әкімшілендіру жүйесінде жаңа функционал іске асырылды. Мемлекеттік кіріс органдарына келу қажеттігі туралы хабарламалар электрондық түрде келетін болады. Олар бірнеше жолмен келуі мүмкін::

  • СӘИЖ жүйесіндегі салық төлеушінің кабинетіне,
  • Электрондық Үкімет қосымшасына,
  • 1414 нөмірінен салық төлеушінің ұялы телефонына SMS-хабарлама.

Кірістер комитеті SMS арқылы хабарлама тек ақпараттық сипатта келетінін атап өтті.

Осыған дейін Кірістер комитеті электронды түрде тегін бухгалтерлік кеңестер алу мүмкіндігін ашқан еді. Бұл көмекке кез келген қазақстандық жүгіне алады.