Жаңалықтар

Шаңсорғышпен жыныстық қатынасқа түскен ер адам қамауға алынды

Полицияға берілген видеоларда жартылай жалаңаш ер адамның жыныс мүшесін шаңсорғыштың түтігіне салғаны көрінеді / фото: shutterstock
Полицияға берілген видеоларда жартылай жалаңаш ер адамның жыныс мүшесін шаңсорғыштың түтігіне салғаны көрінеді / фото: shutterstock

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын ер адам шаңсорғышпен жыныстық қатынас жасағаны үшін қамауға алынды.

Orlando News хабарлауынша, Осиола округінің полициясы 22 қаңтар күні Киссимми қаласындағы Грассендейл-стрит көшесіне ер адамның жыныс мүшесін жалаңаш көрсетіп жүргені туралы хабарламадан кейін барған.

51 жастағы Кевин Дейл Вестерхолд көршілердің көзінше үйінің алдында шаңсорғышпен әдепсіз әрекеттер жасаған. Полицияға берілген видеоларда жартылай жалаңаш ер адамның жыныс мүшесін шаңсорғыштың түтігіне салғаны көрінеді.

Шерифтің мәліметінше, бұған дейін де ол қоғамдық орындарда жалаңаш жүргені үшін тұрғындардың шағымына іліккен. Тергеу барысында күдікті мен оның жұбайы осы ауданда Airbnb арқылы жалға берілетін екі нысанның иесі екені анықталды.

Көршілер бақылау камераларынан алынған, желтоқсан айында түсірілген ұқсас әрекеттер бейнеленген жазбаларды да полицияға тапсырған. Кейін күдіктіні ұстауға ордер беріліп, 26 қаңтар күні ол қамауға алынды. Оған әдепсіз түрде жалаңаштану бабы бойынша айып тағылды.

Айта кететін жайт, Сингапурде балаларға жыныстық қатынас пен есірткі туралы әңгіме айтатын ойыншыққа тыйым салынған еді.