Шавкат Рахмонов UFC рейтингтерінің бірінен шығып қалды

Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC рейтингтерінің бірінен шығып қалды. Ол жартылай орта салмақта (77 кг) рейтингтің екінші сатысында тұрған еді. Алайда бүгін тізімнен алынып тасталды. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде журналист Джон Морган хабарлады.
Айтуынша, алдыңғы рейтингте Рахмонов турнирлерге қатысуға құқығы бар спортшылардың қатарында болған. Алайда жарақатына қатысты ақпараттан кейін есімі тізімнен шығып қалды.
Shavkat Rakhmonov has been pulled from the welterweight rankings.
— John Morgan (@JohnMorgan_MMA) February 3, 2026
He was listed in the eligible pool of athletes during last rankings cycle, but with injury news surfacing, he is not in latest update.
Additionally, Michael "Venom" Page to return to list at No. 15. pic.twitter.com/Ot7p0AKVDC
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың жарақат алғаны өткен аптада белгілі болды. Ол ММА турнирлерінің бірінде балдақпен жүрген кезінде көзге түскен. Кейін өзі әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, жарақат алғанын растады.
Рахмоновтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында өтті. Ол кезде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді.
Бұған дейін бәзбіреулердің Шавкат Рахмоновтың атынан әлеуметтік желіде фейк парақша ашқаны айтылды. Ол жерде халық талқылап жатқан Конституция жобасына қатысты пікір жазылған.