
Елдегі сот-медициналық сарапшылар келешекте өлім себебін анықтауда компьютерлік томография әдісін қолдануы мүмкін. Әділет министрлігі осы норманы реттейтін бұйрықтарға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы құжат жобасын әзірледі.
«Бұйрық жобасын қабылдауының мақсаты – сот-медициналық сарапшылары адам өлімінің себебін анықтау кезінде компьютерлік томографияны қолданып, заманауи инвазивті емес зерттеу әдістерін енгізу мен пайдалану», – деп көрсетілген сипаттамасында.
Осылайша сот-медициналық сараптама жүргізуге арналған орындарға компьютерлік томографты қою міндеттеледі.
«Ашық» НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасы 2026 жылдың 17 ақпанына дейін талқыланады.
Бұған дейін сот сарапшыларын жаңа ережелер бойынша аттестациядан өткізу ұсынылды.