
Telegram-да алаяқтар «тегін электронды кітаптар» деп зиянды файлдар таратады. Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, олар кітаптың орнына «арнайы қосымша» жібереді. Оны орнатсаңыз, жеке деректеріңіз бен қаражатыңыз ұрлануы мүмкін.
Алаяқтар telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасайды. Сосын кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын береді. Бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді. Сондай-ақ бұл «тегін кітапхананың» салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады.
«Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық – осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары», – делінген хабарламада.
Мұның алдында арзан баға ұсынып тұзаққа түсіретін интернет-алаяқтар пайда болған еді.