9-сынып оқушысы мұғалімін атып тастады

Башқұртстанның астанасы Уфада травматикалық тапаншамен қаруланған 9-сынып оқушысы мектепке шабуыл жасады.
Алдын ала мәлімет бойынша, мұғалім зардап шеккен. Mash мәліметінше, оқиға №16 оқу орнында болған.
Оқушы назарды басқа жаққа аудару үшін өрт дабылын қосып, кейін травматикалық тапаншамен мұғалімге оқ атқан. Жасөспірім мұғалімдер мен сыныптастарына шағымданып жүріпті. Ол жуырда басқа мектептен ауысқан.
Сол күні жасөспірімнің сынып жетекшісімен әңгімесуі тиіс болған. Оқушы алғашқы екі сабаққа келмей, үшінші сабаққа кешіккен. Шабуыл алдында оны сыныптасы дәлізде бетперде киіп келе жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.
Ал гимназияға шабуыл жасаған оқушының Crosman AK1 пневматикалық винтовкасын пайдаланғаны айтылды. Мұғалімнен бөлек, үш сыныптасына оқ атқан. Петарда жарған. Алайда ешкім зардап шекпеген.
Айта кететін жайт, Аустриядағы мектепте болған атыстан бес адам қаза тапқан еді.