Жаңалықтар

Үйленбек болған жігіттің қалыңдығы қалыңмалын ұрлап қашып кеткен

неке, қалыңдық, қалыңмал
фото: shutterstock

Ақмола облысы, Қосшы қаласында үйленбек болған 28 жастағы жігітті қалыңдығы алдап кеткен. 1,5 млн теңгемнен айырылдым деген азамат полицияға арыз түсірді.

Оның түсуіндіруінше, былтыр тамызда әлеуметтік желі арқылы бойжеткенмен танысады. Ол Шымкентте отбасымен тұратынын айтады. Екеуі бірнеше рет кездескен соң, Астанадан пәтер жалдап бірге тұра бастайды.

Кейін жігіт қалыңдығын ата-анасымен таныстырады. Біраз уақыттан соң ол аяғы ауыр екенін айтады. Екеуі үйленбекші болып, Қосшыға көшіп келеді.

Жігіттің ата-анасы қалыңмал ретінде қыздың ата-анасына 950 мың теңге беріп жібереді. Артынша қыз үшін арнайы 600 мың теңгеге сырға-сақина алады. Осыдан кейін қалыңдық байланысқа шықпай, жоғалып кетеді. Кейінірек жігіт қалыңдығым деп жүрген бойжеткеннің үш баласы бар екенін, бұрын тұрмыста болғанын біледі.

«Азаматтарға интернет арқылы танысу кезінде сақ болуды, жақын таныс емес адамдарға ақша қаражатын және құнды заттарды бермеуді, сондай-ақ адам туралы ақпаратты мұқият тексеруді қатаң түрде ұсынамыз. Әсіресе, бірге тұру немесе некеге тұру мәселесі сөз болған жағдайда барынша қырағы болу қажет», – деп ескертеді Ақмола облыстық полициясынан.

Аталған факт бойынша алаяқтық деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктіні іздестіріп жатыр.

Осыған дейін өзін бойжеткен ретінде көрсетіп, басқалармен танысқан ер адам туралы жазған едік. Ол танысқан жігіттерден 4 млн теңге ақща алған. Қазір осы әрекеті үшін үш жылға сотталды.