Елдегі 73 шақырым ақылы жол уақытша тегін болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың ақаулы учаскелерінде жол жүру үшін алынатын төлем уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ресми «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Бұл шешім ұлттық оператор, «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМҚК және «ҚАЖ-Сервис» ЖШС өкілдерінің бірлескен тексерулері нәтижесінде қабылданды. Мамандар кейбір ақылы жол учаскелерінде жолдың беткі қабатының бүлінгенін анықтады, бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді.

Қай учаскелерде төлем тоқтатылды

Автомобиль жолдары комитеті төлемді уақытша тоқтату тек бүлінген учаскелерге қолданылатынын хабарлады. Мұндай учаскелердің жалпы ауданы 14 ақылы жолда шамамен 1,1 млн шаршы метрді құрайды.

Уақытша төлем алынбайтын учаскелер тізімі

  • Көкшетау – Петропавл
  • Павлодар – Семей – Қалбатау
  • Павлодар – Омск
  • Астана – Теміртау
  • Алматы – Қонаев
  • Қонаев – Талдықорған
  • Шымкент – Қызылорда
  • Орал – Самара
  • Орал – Саратов
  • Астана – Павлодар
  • Қызылорда – Арал
  • Ақтөбе – Орынбор
  • Қостанай – Троицк
  • Тараз – Қайнар

Бұл шара 2026 жылғы 29 қаңтардан бастап күшіне енді және қозғалыстың қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар толық қалпына келтірілгенге дейін сақталады.

Айта кетейік, 2025 жылғы қаңтар-қазан айларында елдегі ақылы жолдардан 79 млрд теңге пайда түскен.

Сондай-ақ оқыңыз