Жаңалықтар

Клиент мүддесі қорғалуға тиіс: Қазақстанда брокерлерге талап күшейеді

Фото: kursiv.media архиві

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) брокерлер мен дилерлерді клиенттермен жұмысқа жауап беретін арнайы бөлімшелер құруға міндеттемек. Агенттіктің тиісті қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат мазмұнына сәйкес, жоба қабылданған жағдайда Қазақстанда брокерлердің адал әрі жауапты мінез-құлқына қойылатын стандарттар енгізіледі. Сондай-ақ мемлекет ақпаратты ашу талаптарын күшейтуді және брокерлерге ұсынылатын белгілі бір қаржы құралдарының жарамдылығын бақылайды.

Инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау мақсатында брокерлер клиенттермен өзара іс-қимылға, сатылым мен жарнаманы бақылауға жауапты тәуелсіз бөлімше құруы тиіс болады. Сонымен қатар брокерлер клиенттердің инвестициялық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударуы қажет.

Аталған нормалардың барлығы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңда көзделген. Құжатта көрсетілген бапқа соңғы өзгерістер 2022 жылы енгізілген.