Елде бір айда 100 жемқорлық тіркеліп, 18 млрд теңге қолды болған

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бір ай ішінде Қазақстанда қанша сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелгенін мәлімдеді.

ҰҚК дерегінще жыл басынан бері 126 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Олардың 110-ы сыбайлас жемқорлыққа байланысты.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты»– делінген хабарламада.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 121 сотқа жіберілді.

Аяқталған қылмыстық істер аясында келген шығын сомасы 18 млрд теңгені құрады. Осылайша бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылды.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталды. ҰҚК хабарлауынша, ол пара алды және лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ оқыңыз