
3 ақпандағы планеталық көрініс жаңару энергиясы мен тәртіпке ұмтылыспен ерекшеленеді. Суқұйғыштағы белсенділік пен Бикештегі Айдың сабырлы әсері өмірдің кез келген саласында байыпты әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Kursiv LifeStyle Geocult.ru деректеріне сүйене отырып, жұлдызжорамал болжамын ұсынады.
Тоқты
Нептун шынайы жағдайды бұлдыратуы мүмкін, сондықтан бүгін кез келген ақпаратты екі рет тексеру маңызды. Жұмыста әріптестердің әдемі уәделеріне емес, нақты деректерге сүйеніңіз. Жеке өмірде болмашы даулардан қашқаныңыз жөн.
Торпақ
Уран өзгеріске итермелейді, бірақ ірі сатып алуға асықпаған дұрыс. Болжам қазіргі міндеттерге назар аударып, соңғы сәтте жоспарды өзгертпеуге кеңес береді. Жақындарыңызбен қарым-қатынаста сабыр таныту сенімді нығайтады.
Егіздер
Суқұйғыштағы Меркурий ойды айқындап, келіссөздер мен болашақ жоспарларды талқылауға қолайлы күн сыйлайды. Бұл апта білім алуға және тәжірибе алмасуға жақсы. Махаббатта ортақ мақсаттарды ашық айту пайдалы.
Шаян
Юпитер ескі идеяларға қайта оралып, оларға жаңа мүмкіндік береді. Қаржы мәселесінде үнемділік сақтап, көңіл көтеруге артық шығынданбаңыз. Отбасымен өткізілген кеш жан тыныштығын сыйлайды.
Арыстан
Қарама-қарсы белгідегі планеталар басшылықпен немесе клиенттермен қарым-қатынаста икемді болуды талап етеді. Өз дегеніңізді тықпалағаннан гөрі, ортақ мәміле іздеңіз. Жеке өмірде серігіңіздің пікірін тыңдауға дайын болыңыз.
Бикеш
Ай сіздің белгіңізде болып, күнделікті шаруаларды оңай еңсеруге көмектеседі. Кейінге қалдырылған істерді аяқтауға таптырмас уақыт. Романтикалық қатынаста сәл тосын әрекет сезімді жандандырады.
Таразы
Шығармашылық көңіл күй жұмыста күрделі мәселені күтпеген жолмен шешуге мүмкіндік береді. Демалу үшін хобби немесе спортқа уақыт бөліңіз. Махаббатта жағымды кездесулер мен жылы әңгімелер кезеңі басталады.
Сарышаян
Плутон үй шаруасына және жақын туыстарға қатысты мәселелерге назар аудартады. Маңызды шешімді эмоцияға беріліп қабылдамаңыз. Қарым-қатынаста ашықтықты сақтап, серігіңізді шамадан тыс бақыламаңыз.
Мерген
Лилит тәуекелді істерге итермелеуі мүмкін, бүгін одан аулақ болған жөн. Істе логикаға және тәжірибелі әріптестердің кеңесіне жүгініңіз. Бос уақытты кітап оқуға немесе танымдық фильм көруге арнаңыз.
Тауешкі
Материалдық жағдайды нығайтуға және табыс көздерін іздеуге көңіл бөліңіз. Табандылық пен тәртіп мақсатқа тез жеткізеді. Жеке өмірде қаталдықты азайтып, мейірім мен қамқорлық танытыңыз.
Суқұйғыш
Күн мен Марс белгіңізде болып, батыл жоспарларды жүзеге асыруға қуат береді. Өзіңізді көрсетуге және көшбасшылықты қолға алуға қолайлы күн. Жеке тартымдылығыңыз ең қатал адамдарды да өзіңізге қаратады.
Балықтар
Сатурн жауапкершілікке шақырып, бұрын берген уәделерді еске салады. Демалысқа көбірек көңіл бөліп, артық жүктемеден бас тартыңыз. Махаббатта шынайылық пен қарапайымдылық ұзақ үйлесімнің кілті болады.