Жаңалықтар

«Әдемі ауырады екен»: науқастанған Жузефинаны емдеген әнші Қанай сынға қалды

Фото: видео кадры

Блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі парақшасына әнші Нұрболат Қанай екеуінің видеосын бөлісті. Көптен бері тамағы ауырып жүрген. Емдемегеннің кесірінен бронхитке ұласып асқынып кеткен. Ал науқас күйде отырған Жузефинаға Қанай қамқор болып жүрген көрінеді.    

Stories-тегі бейнеде Қанай Жұлдыздың жанынан табылып, көмектесіп жүр. Науқастанып қалғанын айтқан блогер «1 ай ангинамен жүріп бронхитке келдік сол» деп жазған.

Бұған дейін «Қызық премияда» қатар отырып қана қоймай, қол ұстасқандарына қарап екеуі кездесіп жүр деген әңгіме тараған еді. Әйтсе де, Нұрболат Қанай «Жұлдыз көпшілік жиналған жерден қорқады. Сол үшін қолын ұстап отырғам» деген еді. Жұлдыз екеуінің қарым-қатынасы туралы ештеңе нақтылап айтпады. 

Ал енді мына stories-тен кейін оқырман тағы да шулады. Көпшілігі «Қанай әйелімен ажырасып кетті» деп жазып жатыр. ТикТок желісінде ашылған фан-парақшалар стористі өздеріне салып, оның астында да ду-ду әңгіме жүріп жатыр. Бірі «Әдемі ауырады екен», «біз ауырсақ ұйпа-тұйпа боламыз ғой. Телефон қарауға шама келмейді ғой» деп блогердің сырт-келбеті науқас адамға ұқсамайтынын жазса, енді бірі екеуінің де киімдерін сынап, «мен тамағым ауырғанда мойнымды орамалмен ораймын. Мына қыз керісінше шешініп тастапты ғой» деп жазып жатыр. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жузефинамен төрт баласы бір ер адамның таныспақ болғаны туралы жазған едік.