Алматыда үшем дүниеге келді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының перинаталдық орталығында 39 жастағы әйел үшем өмірге әкеліп, алты баланың анасы атанды.

«Әйел жүктіліктің 32 апта 2 күнінде тікелей кесар тілігі арқылы босанды. Түнде акушер-гинекологтар, анестезиологтар мен неонатологтар тобы жедел жұмыс жасады. Екі ұл мен бір қыз дүниеге келді. Олардың салмағы мен бойы сәйкесінше 1840 грамм (42 см), 1680 грамм (43 см) және 1620 грамм (40 см). Сәбилерге Заңғар, Айбар және Әсел деген есімдер қойылды»,  – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үшем шала туғандықтан дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған. Оларға арнайы жеке күтім орталығы бөлінген.

Қазіргі таңда сәбилердің жағдайы тұрақты, салмақ қосып жатыр. Дәрігерлер оларды алдағы уақытта ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, жақында Қостанай облысында үшем дүниеге келген еді.

Сондай-ақ оқыңыз