«Атамыздан қаламыз ба»: Гүлзира Айдарбекова Назарбаевтың әрекетін қайталады

Жарияланды 4 Ақпан 2026 17:12

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде теңіз жағасында серуендеп жүрген видеосын жариялап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Видеода Гүлзира Айдарбекова «Атамыздан қаламыз ба» -деп теңіз жағасында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрісін қайталады.

Ал пікір жазғандар арасында:

«Атамыздың жасын, жолын берсін, осылай қыдыру бәрімізге нәсіп етсін», «Қыздар, қазір алдарыңыздан Назарбаев шығады», «Қайроштың анасы Гүл екен, жүрген жері Нұр аға кешкен су екен» деген секілді әзіл-шыны аралас пікірлер де көптеп жазылды.

Желіде тараған видео көпшілік арасында қызу талқыланып, қолданушылар түрлі әзіл пікірлерін жаудырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа «халық әртісі» атағын беру мәселесін көтерген еді.

Сондай-ақ оқыңыз