Жаңалықтар

Биыл жүздеген запастағы офицер әскери қызметке шақыртылады

запастағы офицер армия жауынгер сарбаз әскер дайындық
Әскери билеті барлар да армияға барады / фото: Қорғаныс министрлігі

2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Kursiv.Media Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

«Бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери дайындалған резервті қалыптастыруға бағытталған», – деп таратты министрлік.

Үкімет қаулысына сәйкес, 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, ал 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Қазақстанда нақты қанша запастағы офицер бары белгісіз. Қорғаныс министрлігі былтыр 915, ал 2024 жылы 752 офицерді әскерге шақыртуды жоспарлаған.