Димаш Құдайберген челлендж жариялады: жеңімпазымен жеке кездесу өткізбек

Жарияланды 4 Ақпан 2026 09:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші, халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне арнап ерекше челлендж басталғанын жариялады. Бұл жаңалық әншінің тыңдармандары Dears арасында қызу талқыланып, көпшілікті таңғалдырды.

Челлендж шарты бойынша қатысушылар өз достарын @voicebeyondhorizon парақшасына жазылуға шақыруы керек. Ең көп жаңа жазылушы шақырған адам Димашпен кездесіп, бір күнді бірге өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Челлендж 3–20 ақпан аралығында өтеді және әлемнің кез келген еліндегі жанкүйерлер қатыса алады.

Еске сала кетейік, 5 ақпанда Қытайдың жетекші телеарналарының бірі – Hunan TV эфирінде Димаш Құдайбергеннің атқарушы продюсер ретінде қатысқан Voice Beyond Horizon атты халықаралық музыкалық жобаның тұсаукесері өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз