Банк пен қаржы

Доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті

доллар теңге
фото: Серікжан Қобыланбаев

4 ақпанда доллар бағамы 2025 жылғы наурыздан бері алғаш рет 500 теңгеден төмендеді. Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 498,65 теңге болды.

Осылайша ұлттық валюта бір тәуліктің ішінде 4,4 теңгеге нығайды. Соңғы рет доллар бағасы 500 теңгеден төмен бағамен 2025 жылғы 10 наурызда сатылған. Былтыр жазда көк қағаз құны 550 теңгеге дейін көтерілген.

Сәрсенбі күні сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша қор биржасында шамамен 310 млн долларға валюта саудасы жасалды.

Елдегі ақша айырбастау мекемелерінде де доллар арзандап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 499 теңгеден қабылданып, 499,9 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 997 және 504 теңге.

Екінші деңгейлі банктер де бір доллар 500 теңгеден төмен бағамен саудаланып жатыр.