Елде экономикалық қылмысқа қатысы барлардың реестрі құрылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Құжат жобасы ашық талқылауға шығарылған/фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қылмысқа қатысы барларды тізімге енгізу қағидаларын әзірледі. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы расталған жеке және заңды тұлғаларды тізілімге енгізу және алып тастау тәртібі айқындалған. Оның ішінде есепке қоюға не негіз болғаны, сақталатын мәліметтер тізімі мен мәліметтің қай уақытқа дейін сақталатыны да көрсетілген.

Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерін экономикалық қызмет саласында бар тәуекелдер туралы хабардар етуге бағытталған. Сондай-ақ қаржылық мониторинг аясында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады.

Құжат жобасы 19 ақпанға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыз