Жаңалықтар

Депутат асырап алған үш орыс баласы қазақ сыныбын таңдағанын айтты

Әйелдерге амнистия
Фото: Мәжіліс

Kursiv.Media тілшісі жаңа Конституция жобасының ішіндегі қоғамда көп талқыланып жатқан тіл мәселесі жайлы депутат Қарақат Әбденнің пікірін білді.

Депутаттың сөзінше, бүгінде Парламент отырыстарының 95 пайызы қазақ тілінде өтеді. Ол тіл саясатын күштеп енгізуге болмайтынын атап өтіп, жеке өмірінен мысал келтірді.

«Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары. Парламентте отырыстардың 95 пайызы қазақ тілінде өтеді. Ештеңені күшпен енгізуге болмайды, тіл табиғи жолмен дамуы керек. Өз өмірімнен мысал келтірейін. Менің асырап алған балаларым бар, олардың ұлты – орыс. Балалар үйінде қазақ тілінде тәрбиеленген. Олардың қазақшасы менен жақсы. Жанындағы орыс достары да қазақша сөйлейді. Менің кішкентай ұлымның сыныптастары да – орыс балалары. Оларды да қазақ сыныбына берген», – деді Әбден.

Депутат мұны мемлекеттік тілдің қоғамда табиғи жолмен дамып келе жатқанының көрінісі деп бағалайды.