Жаңалықтар

Олимпиада-2026 жарыстарында екі қазақстандық төреші болады

Қысқы Олимпиада ойындары Милан Кортина 2026
Олимпиада-2026 жарыстарында екі қазақстандық төреші болады / Фото: olympics.com, Микаэля Шаве/ZUMA Press Wire

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы 116 қысқы Олимпиада ойындарындағы әрбір спорт түрінде төрелік ететін қызметкерлер тізімін жариялады.

Ресми құжаттарға сәйкес, 16 спорт түрінің екеуінде төрешілер қатарына Қазақстан өкілдері тағайындалды.

Мәнерлеп сырғанауда төрешілердің бірі Надежда Парецкая болады. Ол ерлер мен әйелдер арасындағы жеке конькимен сырғанаудан олимпиадалық жарысқа төреші болып тағайындалды. Ал фристайл-могулдан олимпиадалық жарыстардың төрешілері тізіміне Юлия Дегтева кірді.

Ашық көздерден алынған ақпаратқа сүйенсек, Надежда Парецкая мәнерлеп сырғанау жаттықтырушысы. Оның осы спорт түрінен ISU Judge деңгейіндегі халықаралық төрелік құжаты бар.

Юлия Дегтева фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы болған. Екі Олимпиадаға қатысқан (2006 және 2010 жылдары), 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта «А» жоғары деңгейдегі FIS төрешісі құжаты бар.

Дегтева әріптестерімен бірге ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және жұптық могулдағы жарыстарда секіру немесе сырғанау техникасын бағалайды.

Айта кетейік, қазақстандық телеарналар 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.