
28 ақпан күні Астанада маусымның алғашқы трофейі сарапқа салынады. Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогы үшін «Астана Аренада» кездеседі.
- «Қайрат» – «Тобыл»
- «Астана Арена» Уақыты: 28 ақпан сағат 17:00
- Билеттерді 4 ақпаннан бастап Яндекс Афиша арқылы сатып алуға болады. Билет бағасы – 2000 мен 8000 теңге аралығында.
Еске сала кетейік, «Тобыл» 2025 жылы Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанса, «Қайрат» соңғы турда «Астана» командасымен кездесіп, шешуші матчты 1:1 есебімен аяқтап, 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған еді. Енді қос команда Қазақстанның Суперкубогы үшін таласады.
Ал өткен жылы Суперкубокта «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесіп, алматылық клуб жеңіске жеткен еді. Дәл сол ойында жас футболшы Дастан Сәтбаев алғашқы ойынын өткізді.