Жаңалықтар

Қазақстан мен Пәкістан 30-дан астам стратегиялық құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Пәкістан 30-дан астам стратегиялық құжатқа қол қойылды / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Салтанатты іс-шара барысында тараптар экономикалық, әскери, цифрлық және гуманитарлық салаларды қамтитын маңызды құжаттар топтамасын бекітті.

Сапар барысында жалпы саны 30-дан астам құжатқа қол қойылса, соның ішіндегі ең маңызды 19 келісім ресми түрде жарияланды:

Көлік және логистика

Бұл бағыт екі ел арасындағы сауда айналымын арттырудың негізгі тетігіне айналмақ:

  • Транзиттік сауда туралы келісім;
  • Теңіз ісі және теміржол саласындағы ынтымақтастық меморандумдары;
  • Карачи портымен ақпарат алмасу және кәсіби даму туралы келісім;
  • «Қазақстан темір жолы» мен National Logistics Corporation арасындағы логистикалық серіктестік.

Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

  • Экстрадициялау туралы шарт;
  • БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшелерін бірлесіп өрістету жөніндегі меморандум;
  • Кеден мәселелері бойынша өзара көмек туралы келісім.

Технология және инновация

  • Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық;
  • Цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік меморандумы.

Ауыл шаруашылығы және экология

  • Ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы келісімдер;
  • Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары.

Әлеуметтік және гуманитарлық сала

  • Денсаулық сақтау және геология саласындағы ынтымақтастық;
  • Мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Пәкістан Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы байланыс;
  • ҚР Президенті Телерадиокешені мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы ақпараттық әріптестік.

Қаржы секторы

  • ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Мемлекеттік банкі арасындағы байланысты нығайту.

Ресми шара барысында хабарланғандай, бұл тізімнен бөлек тараптар тағы 18 қосымша құжатқа қол қойып, жалпы келісімдер санын арттырған. Бұл сапар Қазақстанның Оңтүстік Азия бағытындағы транзиттік-экспорттық әлеуетін арттырып, екі ел арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруды көздейді.