Таныс болыңыз: жаңа Chery C8 – Қазақстанда жасалған сенімді кроссовер!

Жарияланды
Chery C8 арналған тест-драйв қатысушылары Фото: Astana Motors

Тест-драйв қатысушылары жаңа көлікті жол үстінде сынақтап өткізіп, Алматы облысындағы киелі орындарының бірінің тарихымен танысты.

Astana Motors құрамына кіретін  Chery Kazakhstan командасы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылған Chery C8 жаңа кроссоверіне тест-драйв өткізді. Сапар бағыты UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Таңбалы Тас нысаны орналасқан шатқалы арқылы өтті. Ұзақ сапар кроссоверді бағалай алған автосарапшылар мен автокөлік әуесқойларының басын қосты.

Chery Kazakhstan дистрибуциясында аталған бағыт кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Танбалы Тас – алыс қашықтықта орналасқан күш-қуат беретін тарих орын. Өз кезегінде бренд өзінің жаңа Chery C8 моделін дәл осы қасиеттермен сипаттайды. Жаңа көліктермен жолға шыққан қатысушылар жалпы ұзақтығы 380 км жолды жүріп өтті. Осылайша олар  модельді жергілікті жол жағдайында сынап көрді.

Chery автокөлігі заманауи жабдықтармен жарақталған және еліміздің автокөлік өнеркәсібінің негізгі өндірістік алаңдарының бірі болып саналатын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылған.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы өндіріс. Фото: Astana Motors

Chery C8 − күнделікті қала іші мен сыртында жүруге арналған заманауи кең кроссовер. Автокөлік күнделікті қолданысқа ыңғайлы және қолжетімді көлік іздеген сатып алушыларға арналған. Қазақстан нарығындағы модельдің құны 9 490 000 теңгені құрайды. Модель үнемді 1.5T турбо қозғалтқышымен және 6 сатылы 6DCT роботты беріліс қорабымен жабдықталған. Кең салон, сыйымды жүк салғыш, биік клиренс аталған көлікті отбасы және белсенді өмір салты үшін ыңғайлы таңдау ете түседі.

«Бүгінгі таңда кроссовер нарығы қарқынды дамып келеді. Ал сатып алушылар жайлы, ыңғайлы, заманауи жабдықталған және қол жетімді бағадағы көліктерді көбірек іздейді. Chery C8 дәл осы жағдайларды ескеріп жасалған. Танбалы тасқа дейінгі сапар қатысушыларға автокөлікті бағалауға және оның мінезін жолда сезінуге мүмкіндік берді», – деді Chery Kazakhstan директордың орынбасары Ермек Жексембаев.

Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты. Фото: Astana Motors

Chery C8 көлігінің базалық жинақтамасының өзі AutoHold функциясы бар EPB электронды тұрақ тежегіші, электрлі руль күшейткіші, жылытқышы бар алдыңғы орындықтар, кілтсіз кіру функциясы, үлкен сенсорлы экраны бар мультимедиялық жүйемен жоғары деңгейде жабдықталып, жасанды былғарымен безендірілген ыңғайлы салон ұсынады. Сыртқы көріністі 18 дюймдік қорытпалы дискілер, ұстамды әрі әмбебап сыртқы дизайн толықтыра түседі.

«Мен бүкіл жолды жүріп өттім. Нақты осы формат көлікті шынымен де жақсырақ көрсетеді. Chery C8 өте жағымды әсер қалдырды. Ыңғайлы интерьер, түсінікті эргономика, трассада тыныш әрі сенімді ұстайды. Көлік жақсы басқарылады, жолда шаршатпайды, сонымен қатар қалада жүруге де ыңғайлы. Баға мен сапаның тамаша арақатынасы. 9,5 млн теңгеге сіз күнделікті өмірге арнап ойластырылған, заманауи кроссовер аласыз», – деп әсерімен бөлісті блогер Анзор Гасаев.

Блогер Анзор Гасаев. Фото: Astana Motors

Тест-драйвтан бөлек қатысушыларға арнайы Танбалы Тас мұражай-қорығына мәдени-танымдық бағдарлама және экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, олар садақ атуға және былғарыдан тоқудан шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда Chery Қазақстан автонарығының көшбасшылары қатарына кіреді және сату рейтингінде жоғары позицияларды тұрақты ұстап келеді. Биыл бренд Қазақстан нарығына ресми шыққанына 5 жыл толғанын атап өтуде. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап сатылымға шыққан бері елде 46 мыңнан астам автокөлік сатылды. Ал ресми дилерлік орталықтар желісінің саны бүгінгі кезде ел ішіндегі өңірлерде 26-дан астам автоорталыққа жетіп отыр.

Chery автокөлікті пайдалану еліне қарамастан бүкіл әлемдегі көлік иелеріне көңіл бөліп, сатудан кейінгі кәсіби қолдауды қамтамасыз етеді. Халықаралық сервистік желінің үздіксіз дамуы брендке Chery C8 иелері үшін бірыңғай қызмет көрсету стандарттары мен жоғары деңгейдегі сервиске кепілдік беруге жол ашады.

Chery C8 жаңа моделі туралы толық ақпаратты Chery Kazakhstan ресми сайтынан және Astana Motors тәулік бойы істейтін байланыс орталығынан 7007 телефоны арқылы алуға болады.

Серіктестік материал

Сондай-ақ оқыңыз