Жаңалықтар

Қазақстанда бақсы-балгерлердің қызметін лицензиялау ұсынылды

Фото: shutterstock

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанда бақсы-балгерлердің қызметін лицензиялауға қатысты пікір білдірді.

Депутаттың наным-сенімі қандай

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан «өзіңіз балгерлерге жүгіндіңіз бе» деп сұрап көрді. Айдос Сарым бал ашуға мүлде сенбейтінін айтты. Алайда, оның пікірінше, қоғамның белгілі бір бөлігі мұндай қызметтерді әлі де пайдаланады.

Осыған байланысты депутат бұл салаға мүлде тыйым салғаннан гөрі, ақылға қонымды шектеулер енгізіп, бақылауға алған дұрыс деп есептейді.

«Ең болмаса, бұл қызмет белгілі бір ақылға қонымды шектеулер аясында жұмыс істесін, адамдарға зиян келтірмесін. Заңды түрде тіркеліп, салық төлесе, мемлекет қазынасына да пайдасы тиеді», – дейді ол.

Бал ашу

2023 жылы астрологтар, балгерлер, спириттер, эзотериктер мен экстрасенстердің табысы 39,1 млн теңгені құрады.

Ал 2025 жылдың шілде айындағы мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың 4 пайызы балгерлерге жүгінген. Ал респонденттердің басым бөлігі – 89,1%-ы оларға сенбейді.