Жаңалықтар

18 жасар жылқы «зейнетке шығып», «қарттар үйінде өмір сүретін» болды

Алессандро есімді 18 жасар ат сегіз жыл қызмет еткеннен кейін зейнетке шықты / Фото: Ориндж округі шерифі басқармасы

АҚШ-та Алессандро есімді 18 жастағы ат Ориндж округі шерифінің атты полиция бөліміндегі қызметін ресми түрде аяқтады.

4 ақпан, сәрсенбі күні Ориндж округі шерифі басқармасы (OCSO) Алессандро «Флорида штатының Трентон қаласындағы полиция жылқыларына арналған 10-42 үйіне лайықты демалысқа жіберілгенін, онда ол тағы үш жылқымен бірге тыныш «өмір сүретінін» хабарлады.

Алессандро 2018 жылы OCSO-ның атты бөлімшесіне қосылып, аудандарда қарапайым патрульдік қызметке қатысып келген. Сондай-ақ шериф көмекшілеріне атқа мінуді үйретуге көмектескен.

Әлеуметтік желідегі жазбасында OCSO Алессандроны «ерекше мінезі бар, мейірімді жануар» деп атады. Оның «назарды жақсы көретінін» және биелермен уақыт өткізуді ұнататынын жазды. Сондай-ақ ол адамдармен араласқанды жақсы көреді екен. Әсіресе дәмді жем-шөппен сыйлаған кезде.

«Қызметіңіз және қоғамымызға сыйлаған қуанышыңыз үшін рахмет, Алессандро! Зейнет демалысыңыздың рахатын көріңіз, сіз бұған лайықсыз!», – делінген OCSO мәлімдемесінде.

Ал Қазақстанға жылқы етінің 60%-ы Моңғолиядан әкелінетіні белгілі болды.