Жаңалықтар

Алимент төлемеген ер адам сот орындаушысына шабуылдап бетін тіліп жіберген

фото: shutterstock

Қостанай облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азамат сот орындаушысына шабуылдаған. Ж.Хамзина есімді жеке сот орындаушысы алимент өндіріп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келгенде борышкер сол жақ бетін тіліп жіберген.

Шабуылдаған ер адамның өзі екі баласына 318 326 теңге қарыз. Бірақ оны төлеуден жалтарып қашып жүрген.

«Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы алимент өндіріп алу жөніндегі міндеттерін атқару кезінде әріптесімізге шабуыл жасау фактісін қатаң айыптайды. Біз мұндай әрекеттерді Заңның өрескел бұзылуы және мемлекет берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғу ретінде қарастырамыз. Суық қару-жарақ шабуылы – бұл белгілі бір сот орындаушысына қарсы қылмыс қана емес, сонымен бірге заңға, тәртіп пен әділеттілікке қарсы тұру», – деп мәлімдеді жеке сот орындаушылар палатасынан.

Олар борышкердің қатаң жауапкершілікке тартып, әділ және ашық тергеу жүргізуді талап етеді. Палата өкілдерінің сөзінше, мемлекеттік сот орындаушылары қызметін орындау кезінде денсаулығын зиян келсе, әлеуметтік қолдау шарасы бар. Бірақ жеке сот орындаушыларына ондай жүйе қарастырылмаған.

Сот орындаушылары борышты өндіру үшін денсаулығына зиян келеді, кейде қасақана қулыққа да барады. Мәселен, Татарстанда  сот орындаушысы алимент төлемеген ресейлік әйелді романтикалық кездесуге шақырып, содан кейін ұстап алған.