Алматы билігі биыл қалада мыңнан аса жәрмеңке өткізеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы қаласы жәрмеңке
фото: shutterstock

Алматы қаласының әкімдігі 2026 жылы 1 мыңнан астам жәрмеңке өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Kursiv.Media мегаполис билігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Жәрмеңке екі есе көбейеді

Қазақстандағы ең үлкен қалада демалыс күндері өтетін жәрмеңке саны көбейеді. Шаһар билігі азық-түлік инфрақұрылымын дамытып, жергілікті шаруаларды қолдайды.

«2025 жылы Алматының бес ауданында 430 жәрмеңке ұйымдастырылды, ал биыл жыл соңына дейін олардың саны 2,5 есеге артады: 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған», – деп таратты әкімдік.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін шаруалардан тікелей, арзан бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке өтетін орындар

Әкімдік демалыс күндері қаланың бес ауданында жәрмеңке өтетін орындарды белгіледі:

  • Алмалы ауданы: Масанчи – Гоголь мен Әйтеке би көшелерінің аралығы;
  • Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылынан төмен;
  • Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағын ауданы, Есенәлиев көшесі;
  • Жетісу ауданы: «Құлагер» шағын ауданы мен аудан әкімдігі ғимараты арасындағы автотұрақ;
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы.

Сондай-ақ оқыңыз