
Алматы облысында бір отбасының төрт адамы қаза тапты. Qonaev Media телеарнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында болған.
Қыстауда тұрып жатқан 71 жастағы және 52 жастағы екі ер адам, 42 жастағы әйел мен бір жарым жастағы бала қайтыс болды. Туыстары олармен екі күн бойы байланыса алмаған, содан кейін үйіне іздеп барған. Сол жерде төрт мәйітті тапқан.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, төрт мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданында жеке тұрғын үйде ерлі-зайыптыға иіс тиіп, күйеуі қайтыс болды. Әйелі ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген.
