Алматы қаласы бойынша Ораза кестесі

Жарияланды 5 Ақпан 2026 14:36

(жаңартылды 12 Ақпан 2026 17:05)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: shutterstock

Kursiv Media 2026 жылғы Рамазан айына арналған Алматы қаласының намаз, сәресі және ауызашар уақыттарын қамтитын ораза кестесін назарларыңызға ұсынады.

Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал мұсылман қауымы үшін айрықша қасиетті саналатын Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді.

Ал 20 наурыз күні Ораза айт мерекесі басталады.

Рамазан 2026 – Алматы
Күн Апта Ай-күн Сәресі Шығу Бесін Екінті Ауызашар Құптан
1 Бейсенбі 19 ақпан 05:26 06:42 12:09 15:47 17:31 18:47
2 Жұма 20 ақпан 05:25 06:40 12:09 15:48 17:32 18:48
3 Сенбі 21 ақпан 05:23 06:39 12:09 15:49 17:34 18:49
4 Жексенбі 22 ақпан 05:22 06:37 12:09 15:50 17:35 18:50
5 Дүйсенбі 23 ақпан 05:20 06:36 12:09 15:52 17:36 18:52
6 Сейсенбі 24 ақпан 05:19 06:34 12:08 15:53 17:37 18:53
7 Сәрсенбі 25 ақпан 05:17 06:32 12:08 15:54 17:39 18:54
8 Бейсенбі 26 ақпан 05:16 06:31 12:08 15:55 17:40 18:55
9 Жұма 27 ақпан 05:14 06:29 12:08 15:56 17:41 18:56
10 Сенбі 28 ақпан 05:13 06:28 12:08 15:57 17:43 18:58
11 Жексенбі 1 наурыз 05:11 06:26 12:08 15:58 17:44 18:59
12 Дүйсенбі 2 наурыз 05:09 06:24 12:07 15:59 17:45 19:00
13 Сейсенбі 3 наурыз 05:08 06:23 12:07 16:01 17:46 19:01
14 Сәрсенбі 4 наурыз 05:06 06:21 12:07 16:02 17:48 19:03
15 Бейсенбі 5 наурыз 05:04 06:19 12:07 16:03 17:49 19:04
16 Жұма 6 наурыз 05:03 06:18 12:07 16:04 17:50 19:05
17 Сенбі 7 наурыз 05:01 06:16 12:06 16:05 17:51 19:06
18 Жексенбі 8 наурыз 04:59 06:14 12:06 16:06 17:53 19:08
19 Дүйсенбі 9 наурыз 04:58 06:12 12:06 16:07 17:54 19:09
20 Сейсенбі 10 наурыз 04:56 06:11 12:05 16:08 17:55 19:10
21 Сәрсенбі 11 наурыз 04:54 06:09 12:05 16:09 17:56 19:11
22 Бейсенбі 12 наурыз 04:52 06:07 12:05 16:10 17:58 19:13
23 Жұма 13 наурыз 04:50 06:05 12:04 16:11 17:59 19:14
24 Сенбі 14 наурыз 04:49 06:04 12:04 16:12 18:00 19:15
25 Жексенбі 15 наурыз 04:47 06:02 12:04 16:13 18:01 19:16
26 Дүйсенбі 16 наурыз 04:45 06:00 12:03 16:14 18:02 19:18
27 Сейсенбі 17 наурыз 04:43 05:58 12:03 16:15 18:04 19:19
28 Сәрсенбі 18 наурыз 04:41 05:57 12:03 16:16 18:05 19:20
29 Бейсенбі 19 наурыз 04:39 05:55 12:03 16:17 18:06 19:22
Маңызды күндер
  • Қадір түні: 16–17 наурыз түні
  • Ораза айт: 20 наурыз (жұма)
Еске салады
  • Сәресі – таң атқанға дейін тамақтану
  • Ауызашар – күн батқан соң бірден
  • Уақыт Алматы (UTC+5) үшін
Уақыттар шамамен есептелген. Мешіт немесе сенімді қосымша кестесін тексеріңіз.

Ауызашарда оқылатын дұға

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

Сәресіде айтылатын дұға

«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә»

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Бұған дейін, қарыз оразаны қалай үстау керектігін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз