
Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, ақша қаражатының шетелге шығарылуына жол бермеді
Polisia.kz хабарлауынша, Ақтөбеде киберполицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шекарада интернет-алаяқтарға жәрдемдесті деген күдікпен Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады.
Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Ақтөбе аумағында дропперлерді басқарғаны, сондай-ақ жәбірленушілерден алдау жолымен алынған ақша қаражатын көршілес мемлекетке тасымалдап, кураторларына тапсырумен айналысқаны анықталды.
Үш жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісіндегі жарнамаға сеніп, онда алаяқтар еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінің атауын пайдаланып, биржада акцияларды сату арқылы табыс табуды ұсынған. Нәтижесінде олар ақша қаражатын дропперлердің есепшоттарына аударған.
Кейін күдікті бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге алып шығуды жоспарлаған. Ұстау барысында күдіктіден 20 млн теңге тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті жүрген автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамаларға сенбеуге және белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға шақырады. Күдік тудыратын ұсыныстар болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
ІІМ жүргізушілерге арналған онлайн‑курстар мәселесіне нүкте қойды