Ауғанстандық қазақпын деп, мемлекет есебінен 20 млн теңгеге пәтер сатып алған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады / Фото: Алматы әкімдігі
Сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады / Фото: Алматы әкімдігі

Павлодар облысы прокуратурасы Ауғанстан азаматының өзін қазақ етіп көрсетіп, мемлекет есебінен 20 млн теңгеге пәтер алғанын анықтады.

Қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндіріс басталды.

«Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Аталған ақша қаражатына құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алынған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылданып отыр.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізілуде.

Мұның алдында Павлодарда прокурорлар спорт мектептеріне жүргізілген тексеру барысында 10 млн теңгеге жуық қаржы ұрланғанын анықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз