Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында жол жабылды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
штормовое предупреждение, дорога, трасса
Қарағанды облысында жол жабылды/фото kursiv.media архивінен

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.

2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 шақырым аралығында, яғни Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін, бүкіл көлік түрі үшін жол жабық.

Жол учаскесін 2026 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылап алуы керек.

9 ақпаннан бастап Астана – Павлодар автожолында көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі.

Сондай-ақ оқыңыз