
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабалайды.
2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92–164 шақырым аралығында, яғни Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін, бүкіл көлік түрі үшін жол жабық.
Жол учаскесін 2026 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылап алуы керек.
9 ақпаннан бастап Астана – Павлодар автожолында көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі.