
Қазақстандық танымал әншілер Жанболат пен Жазира отбасындағы қуанышты жаңалықты жұртшылықпен бөлісіп, жаңа бейнебаян арқылы келіндерінің жүзін көрсетті.
Өнерлі отбасы Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз» атты жаңа әнге түсірілген бейнебаянды көрермен назарына ұсынды. Туынды «Әгугәй» ансамблінің қатысуымен түсірілген.
Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер», – деп қуанышымен бөлісті.
Жаңа ән келінге деген аналық мейірімді, ақ тілекті және отбасы берекесін паш ететін жылы туынды ретінде көрерменге жол тартты. Өнер иелері мұндай қуанышты сәттердің әр қазақ шаңырағында болуын тілеп, тыңдармандарына ақжарма тілектерін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева өзінің келіні жайлы айтқан еді.