Банк пен қаржы

Доллар бағамы 495 теңгеге дейін төмендеді

доллар
Доллар арзандап жатыр / фото: shutterstock

5 ақпанда ұлттық валюта тағы 3 теңгеге нығайды. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да 1 доллар 495,10 теңге болды.

Осы аптада ұлттық валюта шамамен 18 теңгеге нығайды. 2 ақпанда ғана доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 513 теңге еді.

Ақша айырбастау мекемелерінде де көк қағаз арзандап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 доллар 495 теңгеден қабылданып, 496,5 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 493 және 500 теңге.

Сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша, KASE-де шамамен 364 млн долларға валюта саудасы жасалған.