
Ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор Үлкен Виндзор саябағындағы Royal Lodge резиденциясынан көшіп кетті.
BBC хабарлауынша, ол – Ұлыбритания королі III Чарльздың інісі. Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы мәліметтер шыққан. Жанжал туындап, ханзада титулдарынан айырылып отыр.
Полиция BBC таратқан мәліметтерді тексеріп жатыр. Онда бір әйелдің Эпштейн тарапынан ханзадамен жыныстық қатынасқа түсу үшін Ұлыбританияға жіберілгені айтылған. BBC дерегінше, бұл кездесу 2010 жылы Royal Lodge-та болуы мүмкін.
Бұған дейін BBC 30 қаңтарда жарияланған Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың арасында бұрынғы ханзада Эндрюге ұқсас ер адам бейнеленген фотосуреттер бар екенін хабарлаған.
30 қазанда Ұлыбритания королі III Чарльз өзінің інісі ханзада Эндрюді корольдік титулдарынан айырды.
Букингем сарайының мәлімдемесінде бұл шешім ханзада Эндрю өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарғанына қарамастан, қажет шара ретінде қабылданғаны айтылды.
Ал бұған дейін, 17 қазанда ханзада Эндрю Йорк герцогы титулынан өз еркімен бас тартып, сондай-ақ Ұлыбританиядағы ең жоғары рыцарлық марапат саналатын ордендегі мүшелігінен айырылған еді.
Айта кететін жайт, Эндрю мен Эпштейннің байланысы король отбасының беделін түсірді. Себебі Вирджиния Джуффре 17 жасында оны ханзадамен төсектес болуға мәжбүрледі деп мәлімдеген.