
Португалия құрамасы мен саудиялық «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 41 жасқа толды.
Атақты футболшы бүгінге дейін кәсіби мансабында 961 гол соқты. Оның 818-і клубтық деңгейде тіркелсе, тағы 143 голды Португалия ұлттық құрамасының сапында енгізген.
Роналду өз мансабында Лиссабонның «Спортинг», ағылшынның «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал», туриндік «Ювентус» және қазіргі «Әл-Наср» клубтарының намысын қорғады. Ең көп матчты мадридтік «Реал» сапында өткізіп, барлық турнирлерде 438 ойынға қатысып, 450 гол соғып, 131 нәтижелі пас берген.
41 жастағы шабуылшы бес мәрте «Алтын доп» жүлдесін иеленіп, сондай-ақ бес рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Ал 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы болды.
Биыл АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін әлем чемпионаты Роналду үшін соңғы құрлықтық дода болмақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақтаулық блогер баласына Роналду есімін қойған.