Lifestyle

Нұрлан имам АҚШ президенті Дональд Трамп жайған дастарқаннан дәм татты

Нұрлан имам Дональд Трамппен таңғы ас ішті / Фото: www.instagram.com/nurlanimam.kz

Нұрлан имам АҚШ президенті Дональд Трамп жайған дастарқаннан дәм татты. Имам әлеуметтік желідегі парақшасында Вашингтонда өткен дәстүрлі 74-ші Таңғы ас рәсіміне келгенін жазды.

Оның айтуынша, шараға Дональд Трамптың өзі қатысып, әлемнің әр түкпірінен келген екі мыңға жуық тұлға бас қосқан.

Нұрлан имам бұл жиынның ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, жастардың білім мен ғылымға, өркениет пен мәдениетке ұмтылуы қажет екенін жеткізді.

«Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74- ші Таңғы Ас рәсіміне келдім. АҚШ-президенті Д.Трамп мырза өзі қатысатын ас екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын бұл ерекше жиын. Жастарымыз білім мен ғылым,өркениет пен мәдениетке ұмтылып,имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса,алар асуы шыңдар болып,жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат», – деп жазды имам.

Бұған дейін ол спорттың дамуына рухани үлес қосқаны үшін америкалықтардың қолынан Sport Oskar 2026 халықаралық сыйлығын алды.