Lifestyle

Өнер қырандары айтыстан қашып жүрген ақындарды сөзбен сойып салды

фото: скрин

«Өнер қырандарының» мүшелері – Жанболат Найзабеков пен Сырымбет Бибосынов желіні жарып жатқан онлайн-айтысқа қосылды. Әркімнің-ақ таласы бар өнерден әзілкештер де қалыс қалмауды жөн көргенге ұқсайды. Балғынбек пен Айнұрды «жекпе-жекке» шақырып қана қоймай, сахнадағы классикалық айтыстан алыстап кеткендерін де айтып, сөзбен түйреп өтті.

Әзілкештер кейінгі шыққан хиттердің мәнеріне салып арнау жолдады. Айнұр Тұрсынбаеваға: «Түркиядан кел, бетпе-бет тілдесейік», – деді. Одан соң өздерін айғырға теңей отырып, Балғынбек ақынды сақалды түйемен теңестіріп, Алматыға шақырды. Сонымен бірге әзіл-қалжыңы аралас арнауда өзекті мәселені де көтерді. «Домбырасыз айтыс болғанын, эстрадамен ән жазып алып, ақындық жоғалғанын қаламаймын» деп назын да айтып өтті. Артынша «контент жақсы өтіп жатыр, арттарыңды ашып жатсыңдар. Бұрынғыдай айтыстан неге қашып жатсыңдар» деп сынады.

Осы видео-арнаудың соңында көпшілігі қалжыңның орынды жерде айтылғанына риза болып жатыр.

«2026-ның тарихи айтысы болды-ау», «Идея қайдан келе береді екен, ә», «Мәні де, мағынасы да зор. Домбырамен айтыс жоғалмасын деп жатыр түсінген адамға. Креативі тіпті тамаша» деген пікірлер бар.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қайрат Әділгерейдің де ақындар арасына «от салып», офлайн айтыс өткізіңдер деп ұсынғанын жазған едік