Жаңалықтар

Ораза қарсаңында Павлодарда 20 ауыл ішімдік сатудан бас тартты

sober, alcohol-free, detox
фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Павлодар облысының 20 елдімекенінде тұрғындар өз еркімен дүкендерде алкоголь сатуды тоқтатты. Ауылдағы өмір барынша қауіпсіз және тыныш болуы үшін осындай шешім қабылдаған.

Ішімдіктен бас тартқандар

Аймақтың полиция департаментінен хабарлағандай, Екібастұздағы 15 ауыл осы шешімге келген. Ақсу мен Баянауыл ауданында екі ауыл, Тереңкөлде тағы біреуі де ішімдік сатудан бас тартқан.

«Шешім елді мекеннің қадірлі азаматтары мен ақсақалдары, ауылдық округтердің әкімдері және учаскелік полиция инспекторы кіретін ақсақалдар мен қоғам өкілдерінің кеңесінде қабылданады. Алкогольден бас тарту қылмыстың азаюына, отбасылық жанжалды тыюға себепші болды», – деп атап өтеді полициядан.

Қылмыс азайды

Павлодар облысының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаевтың атап өтуінше, аталған ауылдарда соңғы жылдары ешбір қылмыс тіркелмеген. Ішімдіктен бас тарту заң мен тәртіптің сақталуына да әкелген.

Былтыр Түркістан облысында 70-ке жуық ауылдың ішімдіктен бас тартқанын жазған едік. Ауылдар алкогольден бас тартып жатыр дегенмен, халықаралық жағдай басқаша. Орталық Азия бойынша ең көп ішімдік ішетін елдер қатарында тұр.