Lifestyle

Қара қабылан Алматы зообағына жеткізілді

Қара қабылан пантера леопард
Қара қабылан сирек кездесетін жыртқыштар қатарына жатады / фото: shutterstock

Қара деп аталатын қара қабылан енді Алматы зообағында тұрады. Ол 2025 жылғы мамырда Екатеринбургте (Ресей) туған. Бұл туралы Kursiv.Media Ъ мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, жыртқышты Red Wings әуе компаниясының ұшағымен Алматы қаласына жеткізген.

Былтыр көктемде зообақта дүниеге келген Қара Екатеринбургте қалған Амур мен Шилка атты қабыландардың ұрпағы.

Қара атты қара қабылан
Қара атты қара қабылан / фото: kommersant.ru, Екатеринбург зообағы

Қара шешесіне тартқан. Шилка да қара түсті қабылан. Күшік адамдарға сенімсіздікпен қарайды, бірақ өз ортасында еркін ойнайды. Қабылан биікке өрмелегенді ұнатады.

Көзі көк қара қабылан Екатеринбург зообағында тұрған уақытта жергілікті тұрғындардың сүйіктісіне айналып үлгерген.

Қабыландар саны жылдан-жылға азайып барады. Жыртқыштар қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.