Қуаты 5 балл: Жетісу облысында жер сілкінді
Жарияланды

5 ақпанда Астана уақытымен сағат 13:39-да Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мекеме жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалады. Дүмпу Текелі қаласынан шамамен 60 км жерде болған.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісі қуатын 4,8 балл деп бағалады. Дүмпу ошағы Жетісу облысы Сарқан қаласынан 68 км, ал Қытайдың Шәуешек қаласынан 117 км жерде орналасқан.
Әлсіз жер сілкінісін Алматы қаласының тұрғындары да сезді.