«Сүтім мол екен»: Аека Пош босанғаннан кейін басталған проблемаларын айтты

Жарияланды 5 Ақпан 2026 22:30

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Айым Алтынбекова оқырмандарына мұңын шақты Блогердің әлеуметтік желісінен скрин

Aeka Posh деген атпен белгілі блогер Айым Алтынбекова былтыр күзде екінші баласын босанған еді. Сол аралықта ол денсаулығының нашарлағанын, енді қалыпқа келу үшін өзін қолға алып жатқанын айтты.

Блогердің сөзіне сүйенсек, тұңғышын туғанда болмаған кей пробема осы жолы пайда болып жатыр екен.

Айым Алтынбекованың босанғанына бес айдан асты. Әлі балаға тамақ беріп бастамағанын және қосымша сүт берместен өзі ғана емізіп жүрген блогер шашы қатты түсіп жатқанын айтып шағымданды. Сондықтан қазір шашына күтім жасап жүр.

«Бұрын-соңды менде шашқа қатысты проблема болмаған. Шашым қалың, күшті жылтырап тұратын еді. Енді екі жақта самай тұсындағы шашым түсіп қалған. Шашты буғанда тіпті жаман көрінеді», – дейді ол.

Блогердің айтуынша, бірінші баласын стресстің кесірінен екі айдай ғана емізген.

«Стресс болып сүтім тартылып қалған. Бірақ ол кезде тырнақ, шашқа қатысты проблема болмаған. Тіпті салмақ қоспай, керісінше арықтадым. Ал қазір емізіп жүрмін. Содан тамақты көп жейтін боп кеттім. Бұл қашан аяқталатынын білмеймін. Ұйықтар алдында содан күйзеліске түсемін. Бала екі сағат сайын оянып, ұйқым бөлінеді. Ұйқыны реттемей арықтамайтының анық. Бұл босанғаннан кейінгі депрессия емес. Жай айтып, бөліскім келді», – деп уайымын сыртқа шығарды.

Қазір Айым эндокринологқа қаралып жүр. 80 мың теңгеге анализ тапсырып, енді дефициттермен күреспек.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Төреғалидің қарындасы – Динаның да көпбалалы аналардың басындағы уайымын айтқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз