Айкерім Қалаубаева Сұлтан Сүлейменді де билетті (видео)

Айкерім Қалаубаеваның биін Сұлтан Сүлеймен де билеп, жұртты күлкіге қарық қылды. Әрине, бұл жасанды интеллект арқылы мүмкін болды.
Қызық бейнежазбаны svetaneura әлеуметтік желіге жариялаған. ЖИ арқылы жасалған видеоға әншінің оқырмандары да үн қосып отыр.
«Сұлтан Сүйлейменнің Хюррем Сұлтаннан жақсы билейтінін білген едім», «Күлгін беторамалды ұтып алды», «Хюррем мыстан екен, Сұлтан Сүлейменді не істеп жіберген?» – деп әзілге басып жатыр.
«Жүрек неге жылайды?» деген жаңа әні нағыз трендке айналды. Айкерім Қалаубаеваның биі хитке айналды. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаппай билеп кетті. Тіпті, шетелдіктерді де қызықтырғаны байқалады.
Латын Америкасы, Үндістан және өзге елдердің де бишілері билеп, әлеуметтік желілерге видеоларын жүктеген болатын.