Жаңалықтар

Алматыдағы президент саябағын абаттандыру жыл соңына дейін аяқталады

парк Первого президента
Тұңғыш президент саябағы/фото: shutterstock

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағын абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев айтты.

«Алдын ала белгіленген нормативтер бойынша жұмыс бір жарым жылға созылуға тиіс, бірақ бәрін жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз», – деді әкім орынбасары.

Саябақ ішінде жаңа фонтан пайда болады. Балалар мен спорт алаңдары жабдықталып, ағаштар мен бұта көшеттерін көбейту жоспарланған.

«Жоспарымыздың бәрін жариялағым келмей тұр. Халыққа тосынсый болсын. Бастысы Орталық Азиядағы ең үздік саябақтардың біріне айналады», – деді Сматлаев.

Айта кетейік, Тұңғыш президент саябағы 2010 жылы ашылған. Бұған дейін қала әкімі Дархан Сатыбалды Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту тұжырымдамасын Лондоннан келген компания әзірлеп жатқанын хабарлады.