Бублик – Нис: Davis Cup турнирін қайдан көруге болады
Жарияланды

6–7 ақпан күндері Астанада Davis Cup турнирінің аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы теннис кездесуі өтеді. Матчтар елордадағы Beeline Arena кешенінде ұйымдастырылып отыр.
Алғашқы ойын күн әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик кортқа шығып, Монако өкілі Уго Ниске қарсы ойнайды. Одан кейінгі кездесуде Александр Шевченко мен Валантен Вашро шеберлік байқасады.
Кездесулерді SportPlus TV, QSport және Setanta Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Александр Бублик Астанада баланың тұсауын кескен еді.