iPhone Айға ұшатын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Смартфондардың арқасында қысқа уақытқа ғана көрінетін құбылыстарды немесе тәжірибелер барысындағы қызықты сәттерді жедел түсіруге болады / коллаж ЖИ арқылы жасалды
Смартфондардың арқасында қысқа уақытқа ғана көрінетін құбылыстарды немесе тәжірибелер барысындағы қызықты сәттерді жедел түсіруге болады / коллаж ЖИ арқылы жасалды

NASA бұрынғы шешімін өзгертіп, «Артемида» бағдарламасы аясында астронавтарға Айға iPhone алып ұшуға рұқсат берді.

Arstechnica ақпаратына қарағанда, бұл туралы NASA әкімшісі Джаред Айзекман X әлеуметтік желісінде хабарлаған. Оның айтуынша, Crew-12 және Artemis II миссияларынан бастап астронавтар орбитаға және одан әрі сапарларда смартфондарды пайдалана алады.

Смартфондар ғарышкерлерге неге керек?

Айзекман бұл шешім экипаж мүшелеріне отбасы үшін маңызды сәттерді түсіріп, сондай-ақ әлем жұртшылығымен ерекше фото және бейнематериалдармен бөлісуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Смартфондардың арқасында қысқа уақытқа ғана көрінетін құбылыстарды немесе тәжірибелер барысындағы қызықты сәттерді жедел түсіруге болады.

Бұл шешім NASA-дағы ескірген техникалық талаптар мен ұзаққа созылатын рұқсат беру процедураларын қайта қарау жұмыстарының бір бөлігі саналады. Айзекман заманауи технологияларды ғарышта қолдануға бейімдеу үдерісін жеделдету агенттіктің ғылыми зерттеулерін тиімді жүргізуге көмектесетінін айтты.

Орбитадағы гаджеттер

Бұған дейін Artemis II тарихи Ай миссиясында пайдаланылатын негізгі камералар қатарында 2016 жылғы Nikon фотокамералары мен ескі үлгідегі GoPro құрылғылары болуы тиіс еді. Енді астронавтар жоғары сапалы камерасы бар заманауи смартфондарды қолдана алады.

Айта кетейік, смартфондар бұған дейін де орбитада болған. Мәселен, 2011 жылы соңғы ғарыш шаттлы ұшырылған кезде екі iPhone 4 аппараты бортта болған. Ал Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеген астронавтар көбіне планшеттер арқылы интернетке шығып, жақындарымен байланыс орнатқан.

Сондай-ақ жекеменшік ғарыштық миссияларға қатысқан экипаж мүшелері де сапар кезінде смартфондарды пайдаланған.

Айта кететін жайт, iPhone 16 әлемде ең көп сатылған смартфон болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз