
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді. Ақорданың хабарлауынша, оған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссияның Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілген.
Эльвира Әзімованың айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан.
«Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді», – деген Әзімова.
Ақорданың хабарлауынша, президент комиссия ашық форматта жұмыс істеу беруге тиіс екенін айтқан. Сондай-қа сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстың бәрін жіті талдауды тапсырды.
Әзімова комиссия мүшелері Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын, келесі отырыс 7 ақпанда өтетін мәлімдеді.
Бұған дейін Конституция жобасының орыс тіліндегі нұсқасында техникалық қате кеткені айтылды.